-
Шексіз интернет
-
SMS
10 SMS
Starlink Mobile деген не?
Starlink Mobile — бұл жерүсті желісі жоқ жерлерде: тауда, далада немесе тасжолда байланыста болуға мүмкіндік беретін Beeline ұсынатын мобильді спутниктік байланыс. Сіз интернетті пайдаланып, SMS жібере аласыз. Дауыстық қоңыраулар әзірше қолжетімсіз.
Promo қалай жұмыс істейді?
Promo жаңа Starlink Mobile технологиясымен танысуыңыз үшін жасалған.
Сізге қолжетімді:
Жылдамдығы 2 Мбит/с дейінгі шексіз интернет
10 SMS
Қолданылу мерзімі: 60 күн
Қалай қосуға және өшіруге болады?
Қызметті Janymda қосымшасында қосу және басқару өте ыңғайлы.
Мобильді желінің қамту аймағынан тыс жерде болғанда, экранда R белгішесі шығады және Starlink желісіне қосылғаны туралы SMS келеді. Қызмет жұмыс істеуі үшін геолокацияға рұқсат беріп, экрандағы нұсқауларды орындау қажет.
Пакет таусылғанда не болады?
SMS-пакет аяқталғаннан кейін хабарламаларды жібере алмайсыз. «Әділ пайдалану саясатына» сәйкес 40 ГБ пайдаланылғаннан кейін жылдамдық 512 Кбит/с дейін төмендейді, бірақ шексіз интернет сақталады. Ол Starlink Mobile PROMO қолданылу мерзімі аяқталғанша қолжетімді болады. Осыдан кейін Starlink Mobile қызметін қосып, мобильді спутниктік байланысты ары қарай пайдалана аласыз.